ҚР ІІМ басшысы учаскелік және мектеп инспекторларының жұмысын ұйымдастыруды қайта қарауды тапсырды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов сенбі күні Астана қалалық ІІД-інде өткен жедел кеңесте ведомствоға құқық қорғау күштерін тиімді ұйымдастыруға және учаскелік және мектеп инспекторларының жұмысын ұйымдастыруды қайта қарауға тапсырма берді,

ҚР ІІМ басшысы учаскелік және мектеп инспекторларының жұмысын ұйымдастыруды қайта қарауды тапсырды

деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.   

Министрдің айтуынша,  сондай-ақ жедел-тергеу қызметтері мен қоғамдық тәртіп бөлімшелерінің арасында өзара жіті іс-қимылды ұйымдастыру, есірткі бизнесімен күрес және елордаға есірткі келетін арналарды жабу бойынша күш-жігерді арттыру қажет.

«Елордалық полицияда қылмыспен күресте неғұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізу, Астана қаласында үлгілі қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті күштер мен құралдар және әлеуетті мүмкіндіктер жеткілікті», - деп атап көрсетті С.Баймағамбетов.