ҚР ІІМ-де Комитет төрағалары тағайындалды

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпара - Ішкі істер министрлігінде комитет төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР ІІМ-де Комитет төрағалары тағайындалды

Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы қызметіне бұрын Жеке қауіпсіздік департаментінің бастығы болған полиция генерал-майоры Анатолий Выборов тағайындалды.

Бұрын Жол полициясы комитеті төрағасының қызметін атқарған полиция полковнигі Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Криминалдық полиция комитеті төрағасының қызметіне бұрын Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы болған полиция полковнигі Жанат Қуанышұлы Сүлейменов тағайындалды.

Сондай-ақ бұрын Криминалдық полиция комитетінің төрағасы болған Берік Сұлтанғазыұлы Біләлов ТМД аумағындағы Ұйымдасқан қылмыс пен басқа да қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі Бюро төрағасы болып тағайындалды.