ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы интернет-пайдаланушылардың сұрақтарына жауап қайтарады

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қыркүйектің 23-інде ҚР ІІМ-нің www.iim.kz және www.mvd.kz  сайттарында ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетінің төрағасы Жанат Қуанышұлы Сүлейменовтің қатысуымен  интернет-конференция өтеді.

ҚР ІІМ есірткі бизнесімен күрес  комитетінің төрағасы интернет-пайдаланушылардың сұрақтарына жауап қайтарады

Бұл туралы Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы  Қуанышбек Жұманов мәлімдеді.

Әңгіме полицияның есірткі қылмысымен күрес жөніндегі қызметі туралы болмақ. Сұрақтар ІІМ сайтының «Конференциялар» айдарында сағат 11-ден 12-ге дейін қабылданады.