ҚР ІІМ «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - «Жыл басынан бері республика жолдарында 5903 жол-көлік оқиғалары тіркеліп, 1363 адам қаза тапты және 6889 адам жарақат алды»,
None
None

деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен полковник Олег Ивашенко.

Республика жолдарында тұрақты жүретін автокөліктердің саны жыл сайын өсіп келеді. Көлік көбейген сайын қала көшелері тарылып, жол ахуалы көптеген қиындықтар мен апатты жағдайларды туғызатыны сөзсіз. Сондықтан қалааралық жолдардағы, қала көшелеріндегі қозғалысты реттеуге көп күш жұмсалады. Соның нәтижесінде, биылғы көрсеткіштер өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, біршама кеміген: жол-көлік оқиғалар саны 5,0 пайызға (-313), қаза тапқандар саны 1,7 пайызға (-23) және жарақат алғандар саны 5,4 пайызға (-395) азайыпты. Алайда жол инспекциясы қызметкерлерінің айтуынша, апаттың негізгі көрсеткіштерінің азайғанына қарамастан еліміздегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлі де қиын болып тұр.
Жол қозғалысы ережелері талаптарының сақталуына жол полициясы тарапынан қадағалауды күшейту - апаттың алдын алуда өте тиімді әдіс екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған байланысты республика жолдарындағы ахуалды одан әрі тұрақтандыру мақсатында Ішкі істер министрлігі тамыз айының 9-15-і аралығында жалпыреспубликалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл күндері республикалық жол бойларында, қала көшелерінде жол ережелерін бұзушыларды анықтап, жауапқа тартатын жол полициясы жасақтарының саны көбейтіледі.

- «Шараның алғашқы екі күнінде жол қауіпсіздік ережесін бұзған 14 мыңға жуық жүргізуші айқындалды. Көлікті мас күйде басқарғаны үшін 429 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жылдамдық тәртібін асырғаны үшін 3 мыңға жуық жүргізушілерге, қарсы жолдың бағытына шыққаны үшін 227 жүргізушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ көлік құралдарын тиісті құжаттарсыз басқарудың 900-ге жуық фактісі анықталды. Жол қауіпсіздік ережесін бұзған 477 жолаушылар көлігінің жүргізушілері мен 97 мемлекеттік көліктің жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді Олег Ивашенко.

Ішкі істер министрлігіндегі Жол полициясы комитеті жол қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында күнделікті қатаң тәртіпте қызмет атқарудан бөлек, алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіледі. Қазір өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» шарасы сияқты «Қауіпсіз қала», «Құқық тәртібі», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Автобус», «Іздестіру» атты белгілі бір бағыттағы арнайы шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Сондай-ақ балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Абайлаңыз, балалар!», «Қозғалыстың жас инспекторлар слеті» атты кешенді іс-шараларына жол полициясының барлық жеке құрамы жүз пайызға жұмылдырылып, қызығушылық танытатын басқа да қоғамдық ұйымдар мен білім беру департаменті қызметкерлері, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері белсене тартылады. Бұл - жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жол полициясымен қолға алынатын, апаттың деңгейін төмендететін бірден-бір ықпалы бар алдын алу шаралары. Сонымен қоса, жол қозғалысының барлық қатысушыларына құқықтық әсер ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен қоғамның тартылуымен алдын алу және үгіт-насихаттық жұмыстар да жүргізіледі

Соңғы жаңалықтар