ҚР ІІМ ҚАЖК қызметкерлері Таразда қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсетті

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті орталық аппаратының, облыстық департаменттерінің, мекемелері мен оқу орындарының қызметкерлері қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына қайтарымсыз көмек көрсету акциясын қолдады,
None
None

деп хабарлады республикалық ведомствоның баспасөз қызметінен.

Тараз қаласында орын алған қайғылы оқиға республикалық қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерін де бей-жай қалдырған жоқ. Жұмыс кеңесі барысында ҚАЖ қызметкерлері әріптестерінің өз өмірлерін қиып, қылмыскердің бейбіт адамдардың өміріне қауіп тудыратын қатерлі оқиғасының алдын алғандығын атап өтті.

Осыған орай ҚАЖ-дың жеке құрамы Тараз қаласында қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан және оқ тиіп жараланған әріптестерінің отбасына материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдап, біркүндік жалақыларын арнайы есеп-шотқа аудармақ.

Соңғы жаңалықтар