ҚР ІІМ қызметкерлерінің Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер олимпиадасындағы алғашқы табыстары
АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін түнде мұхиттың әр жағынан қуанышты хабар келді, «Айрин» дауылының себебінен Бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер олимпиадасы Нью-Йорк маңында кешігіп басталды.
Белгілі спортшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, күш-құрылымдар арасындағы Әлем мен Еуропаның тоғыз дүркін чемпионы және рекордшысы Серік Нұрғалиев бенчпресс (штангыны жатып сығымдау) бойынша күміс медальға ие болды. Финалдық жекпе-жекте көптеген күшті атлеттерді артқа тастаған Серік американдық қарсыласына ғана жол берді.
Бірінші қыркүйекте біздің боксшылар мен дзюдошылар айқасқа кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, олимпиадаға әлемнің 70 елінен құқық қорғау органдарының 15 мыңнан астам қызметкерлері қатысуда.
Салтанатты ашылуы Бруклиннің орталығында болды, ал жарыстар Нью-Йорктің беделді ауданы - Манхеттенде өтіп жатыр.
Қазақстан Республикасының ІІМ абыройын біздің бес отандасымыз қорғауда.