ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты акциясын өткізуде

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - Қазақстан Республикасы ІІМ-нің әкімшілік полиция комитеті ағымдағы жылғы шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясын өткізеді.

ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты акциясын өткізуде

Іс-шараның негізгі мақсаты - үйдегі зорлық-зомбылық проблемаларына жұртшылықтың, атқарушы және заң шығарушы биліктің назарын аудару, қоғамда әріптестікке және қарым-қатынастың зорлық-зомбылық тәсілдерін мойындамауға негізделген отбасы қарым-қатынастарының мәдениетін қалыптастыру, үйдегі зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету.

Акция шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қолданып зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызметтер көрсететін мекемелердің, білім беру жүйесінің мамандарымен және отбасымен жұмыс істейтін басқа да мамандармен байланысты және өзара іс-қимыл жасасуды нығайту, үйдегі зорлық-зомбылық проблемасына қатысушылардың хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.

Акция үш кезеңде өткізіледі:

I кезең - ұйымдастыру (2010 жылғы шілденің 26-ынан 30-ына дейін)

- Акция туралы Ережені бекіту мақсатында Астана, Алматы қалалары және облыстар мен көліктегі ІІД-де Акцияның Ұйымдастыру комитетін құру, жоспарлау және Акция жоспарын келісу.

II кезең - атқарушы (2010 жылдың 2-нен 8-ші тамызына дейін),

Акцияны өткізу туралы Ұйымдастыру комитеті кеңесінде келісілген мерзімдер бойынша аталған шараларды өткізу.

III кезең - Акцияның қорытындысын шығару (2010 жылғы тамыздың 10-11-і аралығында).

Өткізілетін Акцияның символы акцияға қатысушылардың тағатын көк бауы болады.

Акцияны өткізу қоғамда және отбасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруды көздейді.