ҚР ІІМ орталық аппаратының 4 қызметкері лауазымды қызметімен қош айтысады

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының 4 қызметкері лауазымды қызметімен қош айтысады.

ҚР ІІМ орталық аппаратының 4 қызметкері лауазымды қызметімен қош айтысады

Бұл туралы бүгін апталық брифингте аталған ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз  мәлім етті.

Қазіргі уақытта 24 маусымда басталған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудың екінші кезеңі басталатындығын атап өткен ол: «ІІМ орталық аппараты департаменттерінің, дербес басқармаларының  бастықтары және олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтті, барлығы 73 қызметкер», - деді.

Ресми өкілдің айтуынша, комиссия шешімі бойынша 4 қызметкер жоғары тұрған лауазымға ұсынылған. Сонымен қатар 59 адам лауазымдарына сәйкес келеді деп танылды. Ал 6 қызметкер лауазымдарынан босатылуға ұсынылса, тағы  4 қызметкер ішкі істер органдарынан қош айтысатын болады.