ҚР ІІМ республика аумағында «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясын өткізуде

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды күшейту, сондай-ақ әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ішкі істер органдарының жұмысын белсендіру мақсатында ағымдағы жылдың 13 - 26 маусым аралығында республика аумағында «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясы басталды.

ҚР ІІМ республика аумағында «Танысуға рұқсат етіңіз!» акциясын өткізуде

Акцияның мақсаты - учаскелік полиция инспекторлары мен халық арасында барынша тығыз серіктестік қарым-қатынас жасау және оны дамытуға қол жеткізу, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.

Акцияның міндеті күнделікті сағат 18-ден 22-ге дейін әрбір пәтер, үйлерді әкімшілік учаскеде жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторының аралап шығуы болып табылады.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторының жұмысы туралы халықтың пікірін зерделеу мақсатында учаскелік полиция пункттерінде қалалық және аудандық ішкі істер органдарының басшылары қабылдау өткізеді.

Акцияны өткізуге 6 мыңдай учаскелік полиция инспекторлары қатысады.