ҚР ІІМ Сингапурда істі болған қазақстандықтың сотына қатысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дипломаттардың күш-жігерінің арқасында Сингапурдың полиция офицеріне пара бермек болды деп айыпталған Елена Калугинаның жаза мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, 1990 жылы дүниеге келген отандасымыздың ұсталғандығын Сингапурдың Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы 29 маусым күні Сингапурдағы Қазақстан Елшілігіне хабарлаған. Оған полиция офицеріне 2150 сингапур доллары (шамамен 1,5 мың АҚШ доллары) көлемінде пара бермек болды деген айып тағылған.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша, сол күні Қазақстан консулы ұсталған азаматшамен кездесіп, іс материалдарымен танысқан. Қазақстандық дипломат оған білікті адвокат, сонымен қатар кепілгер де тауып берген. Айта кетерлігі, сот тыңдауларының бірінде оған кепілмен шығуға ұсыныс жасалған. Ал Сингапур заңнамасына сәйкес кепілді сол елдің азаматы ғана енгізе алады. Ұсталған қазақстандықтың ол елде танысы болмауына байланысты қазақстандық дипломаттар кепілгер тауып берген. Ол 5 мың сингапур доллары (3600 АҚШ доллары) сомасында кепіл ұсынған. 3 шілдеде ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа шықты.
СІМ өкілінің атап өтуіне қарағанда, бірінші сот тыңдауында қазақстандық өз кінәсін мойындаудан бас тартқан. Ал екінші сот тыңдауы кейінге шегерілген. Тек 17 шілдеде өткен үшінші сот тыңдауы барысында ғана Елена Калугина өз кінәсін мойындап, сот оны Сингапурдың әйелдер коллониясына 30 күнге бас бостандығынан айыру үкімін шығарған.
«Осы ретте біздің дипломаттардың рөлін айрықша атап өткім келеді. Өздеріңіз де білетіндей, Сингапурда жемқорлыққа қарсы заңнама барынша қатаң. Ол 5 жылға дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін еді. Дегенмен, біздің дипломаттар білікті адвокаттарды таңдап алуы арқылы бұл мерзімді төмендетіп отыр. Оған 30 күнге бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Бұған қоса, бұл елдің заңнамасына сәйкес біздің азаматшамыз жаз мерзімінің үштен екісін, яғни, 18 күнін өткізгеннен кейін мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыға да алады. Жазаны өтеу мерзімі үкім шығарылған күннен бастап, яғни 17 шілдеден естептелінеді. Біздің дипломаттарымыз сотталушының туыстарымен және жақындарымен тұрақты байланысып отыр. Олар сот шешімі туралы ақпаратты естіді», - деді Әнуар Жайнақов.
Айта кетейік, Қазақстан азаматшасы инспектор Ло Хун Юэге оны тұтқынға алмауы үшін 2150 доллар АҚШ долларын ұсынғанын мойындаған болатын. Округтік соттың дерегі бойынша, инспектор Ло Хун Юэ мен Ксавьенің штаб-сержанты Сео Хун Ге Royal отелінде болжам бойынша заңсыз виза әрекеттері туралы хабарламаны тексеру үшін Калугинаның нөміріне барады. Тергеу кезінде ол босатуларын сұрап, жалынады және бас бармағы мен сұқ саусағын үйкеп, ыммен ақша ұсынады. Инспектор өз кезегінде параның қылмыс екенін ескертіп, оның бұл әрекеті камераға түсірілетінін айтады. Алайда әйел ишаратпен ғана шектелмей, нөмірдегі жылжымалы жәшікті ашып, ақша ұсынып, келесі рейспен үйіне ұшуға уәде етіп, жіберуін өтінеді. Инспектор бұл ұсыныстан бас тартып, оны тұтқындайды.
Соттың шығарған жазасы жеңіл екені айтылуда. Себебі мұндай қылмыс үшін қазақстандыққа 100 мың доллар айыппұл салынып, жемқорлық үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнген еді.