ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері кәсіби мерекелері - Құтқарушылар күнін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күнін атап өтті, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметінен.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері кәсіби мерекелері - Құтқарушылар күнін атап өтті

Салтанаттын шарада ҚР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Қ.Н. Қасымовтың Құтқарушылар күнімен құттықтауы оқылды.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту мен нығайтуға белсене қатысқаны, Қазақстан Республикасындағы тыныс-тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде жеткен жетістіктері үшін Комитеттің көзге түскен қызметкерлері «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін», «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», III дәрежелі «Құтқарушы», «Үздік құтқарушы - жауынгер» төсбелгілерімен марапатталды.

айта кеткен жөн, ҚР Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.