ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің бастамасымен көлік құралдарын тіркеу рәсімі жеңілдетілді

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2011 жылдың басында Қазақстан Республикасының ІІМ Жол полициясы комитетінің бастамасымен көлік құралдарын тіркеу рәсімі жеңілдетілді: тіркеуге негіз болатын есеп-анықтама алып тасталды, көлік құралдарын сату-сатып алу қарапайым ауызша және жазбаша шарт келісім формасы енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитеті.

ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің бастамасымен көлік құралдарын тіркеу рәсімі жеңілдетілді

Егер бұрын азамат өз меншігіне автокөлікті аудару үшін комиссиондық дүкенде есеп-анықтама нысанын немесе сату-сатып алу келісімін нотариалды түрде 5-8 мың теңге жұмсап, рәсімдейтін болса, онда қазір бұнын бәрі қажет емес, осы процедураларды жол полициясының бөлімшелерінде ешқандай ақысыз рәсімдеуге болады.

Қазіргі уақытта Жол полициясы комитетімен тіркеу-емтихан бөлімшелерінде халыққа қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайларды жасау бойынша одан әрі жұмыс жүргізілуде. Жол полициясымен Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша сервистік орталықтарды құру мәселелері қарастырылуда.

Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету жол полициясы қызметкерлерімен және Сервистік орталық жұмыскерлерімен іске асырылады, сондай-ақ Сервистік орталық жұмыскерлеріне қосымша міндеттер жүктеледі (кеңес беру, құжаттарды қабылдау, өтініштер бланкілерін толтыру).

Сонымен қатар, Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік қызмет түрлерінің әлеуметтік маңызды ретінде көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдануда.

Аталған мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті электронды түрде жасау және беруді, және өтініш иесінің ақпараттарын өңдегеннен кейін оны электронды кезекке қоюды қарастырады.

Әрі қарай өтініш иесі орнатылған электронды кезекке сәйкес мемлекеттік қызмет алу үшін тіркеу-емтихан пунктіне белгіленген уақытта келуі керек.

Осындай рәсім түрі автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.