Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Индустрия министрлігінің сарапшысы: Шошқа еті қосылмайтын шұжық болмайды

АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында өндірілген «халал» шұжық өнімдеріне шошқа еті қосылғаны анықталды.

ҚР Индустрия министрлігінің сарапшысы: Шошқа еті қосылмайтын шұжық болмайды

Өз кезегінде ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Рыскелді Сәтбаев шошқа еті қосылмайтын шұжық болмайтынын айтты. Бұл туралыҚазТАГ хабарлайды.

«Халал» деп мақұлданған, бірақ көпшілік шұжықтың барлық түріне де шошқа еті қосылатынын білмейтін болса керек», - деді Сәтбаев. Мұндай мәлімдемені шенеунік Халықаралық аккредитация күніне арналған дөңгелек үстелде шараға қатысушылар шұжық өнімдерін шығаратын солтүстікқазақстандық кәсіпорынға қатысты шағымдарын айта бастағанда жасады.

«Таяуда біз «халал» деген жазумен шұжық шығарып, сатып, өнімдеріне жарнама жасайтын солтүстікқазақстандық 11 фирманы тексердік, ал олардағы өнімдерге шошқа еті қосылған болып шықты. Мұсылман талаптарын «халал» өнімдердегі шошқа етінің бар-жоғымен қалайша байланыстыруға болады? Неліктен бұлай болды? Өйткені біреу шығарған, біреу рұқсат берген, ал тағы біреу оны өткізіп, біреу оны сатып алған», - деді «Әділет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қабыкен Закарьянов.