ҚР Индустрия және сауда экс-министрі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын басқаруы мүмкін
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Индустрия және сауда экс-министрі Владимир Школьник «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын басқаруы мүмкін,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз Владимир Сергеевичті «Қазатомөнеркәсіп» компаниясын басқаруға ұсынамыз», - деді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Индустрия және сауда министрлігінде басқа жұмысқа ауысуына байланысты В. Школьникті министр қызметінен босату туралы Елбасы Жарлығын жариялағаннан кейін.