ҚР индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша 13 электрэнергетика жобасы іске асырылады

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Энергия ресурстарының тапшылығы Қазақстанның экономикалық дамуын тежейтін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
None
None

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Жаңа индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осы мәселені шешуге арналған бірнеше жүз жобаны іске қосу қарастырылуда.

Ел Президенті Үкіметке жаңа индустриялық саясат басымдықтарының бірі ретінде энергетиканы дамытуды тапсырды. Үкімет энергетика саласының жағдайына ықпал ететін қадамдар кешенін қабылдады және іске асыруда.

Жаңа индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы бойынша 13 электрэнергетика жобасы іске асырылады, олардың тоғызы жалпы қуаттылығы 3200 МВт астам энергия өндіруші кәсіпорындарды салуға бағытталған.

«Өзінің қарқынды даму кезеңінде біздің экономикамыз инфрақұрылым бойынша тұралап қалды. Сол себепті қазір бізде осы сәтті пайдаланып, ары қарай экономикалық өсу үшін қажеттінің бәрін дайындауға мүмкіндігіміз бар», - деп атап өтті Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазіргі уақытта бірқатар энергонысандар пайдалануға берілді. Олардың жалпы қуаттылығы 1341 МВт құрайды. Олар Атырау ЖЭС, Орал қаласындағы газтурбиналық электр станциялары мен Ақшабұлақ кен орындарының жаңа қуаттары, Ақсу ГРЭС-да №2 блок пен Екібастұз ГРЭС-1 сегізінші энергоблогы қалпына келтірілді.

Сонымен бірге, Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық шағын бекеттері, Мойнақ ГЭС, «Алма» 500 кВ шағын бекеті салынды. Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогы бойынша құрылыс жобасы, Шардара ГЭС мен Ұлттық электр желісін жаңғырту жобалары қарқынды жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар