«ҚР Инвестициялар туралы» жаңа заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Қазақстан Республикасындағы инвестициялар туралы» жаңа заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді. Бұл туралы бүгін Инвесторлар мен кредиторлар клубының кезекті отырысында жастардың өндірістік іс-тәжірибе мәселесіне тоқталған ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Асылхан Серіков мәлім етті.

«ҚР Инвестициялар туралы» жаңа заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді

Оның хабарлауынша, бүгінде шикізаттық емес секторға инвестицияларды кеңінен тарту саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысына ерекше басымдық беріліп келеді. «Бұл бағыттағы негізгі құжат «ҚР Инвестициялар туралы» жаңа заңы болмақ. Аталған заң жобасы келісімнен өтіп, бүгінгі таңда Үкіметтің талқылауында жатыр. Келесі жылдың басында бұл құжат Парламенттің талқылауынан өтеді деген болжам бар», - дейді А.Серіков.

Сондай-ақ комитет төрағасы атап көрсеткендей, алдағы уақытта «ҚР Арнайы экономикалық аймақтары туралы» заңның жаңа редакциядағы нұсқасын қабылдау жоспарланып отыр.