ҚР Инвестициялар және даму министрі өз ведомоствосы арасындағы міндеттерді бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Facebook-тегі парақшасында өзі басқаратын ведомостводағы міндеттердің бөлінуі жайлы хабарлады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі өз ведомоствосы арасындағы міндеттерді бөлді

«Басшылық құрамындағы кадрлардың ауыс-түйістерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің министрі, жауапты хатшысы, бірінші вице-министрі, вице-министрлері арасындағы міндеттерді бөлу жөніндегі бұйрыққа қол қойдым»,-деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрі министрлік қызметін үйлестіріп отырады және жалпы басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Бірінші вице-министрі Рау Альберт Павлович өнеркәсіп блогының қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады:
- Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті;
- Техникалық реттеу және метрология комитеті;
- Аэроғарыш комитеті;
- Стратегиялық жоспарлау департаменті (индустриялық саясатты жүзеге асыруға қатысты);
- Экономикалық интеграция департаменті.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі 
Камалиев Берік Сайлауұлы көлік блогының қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады:
- Көлік комитеті;
- Автомобиль жолдары комитеті;
- Азаматтық авиация комитеті;
- Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі Тоқтабаев Тимур Серікұлы мына салалардың қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады:
- Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
- Жер қойнауын пайдалану департаменті;
- Туризм индустриясы департаменті;
- Технологиялық және инновациялық даму департаменті.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі Хаиров Ерлан Кәртайұлы мына салалардың қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады:
- Инвестициялар жөніндегі комитет;
- Активтерді басқару жөніндегі департамент;
- Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті;
- Стратегиялық жоспарлау департаменті (индустриялық саясатты жүзеге асыруға қатысты).

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Сағынов Замир Садықұлы министрлік аппаратына басшылық жасайды, сондай-ақ мына салаларға тікелей бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады:
- Әкімшілік жұмысы департаменті;
- Стратегиялық жоспарлау департаменті;
- Қаржы департаменті;
- Заң департаменті;
- Кадр жұмысы департаменті;
- Құжат әзірлеу және бақылау департаменті;
- Ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы;
- Цифрлік трансформациялау басқармасы.

«Менің әріптестерім өздеріне бекітілген міндеттерді табысты іске асыратындығына сенемін. Барлығының жұмысына сәттілік пен тиімділік тілеймін»,-деп атап өтті министр.