ҚР инвестициялар және даму министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып Роман Скляр тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа вице-министр Роман Склярды ұжымға таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Берік Уәли Фейсбуктағы парақшасында.
None
None

Ол бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиевтің орнына келіп, көлік блогының қызметіне (Көлік комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті) бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Роман Скляр бұған дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет атқарды.

null  

Соңғы жаңалықтар