ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде комитет төрағалары тағайындалды

Сонымен, төраға болып тағайындалғандар:
1. Аэроғарыш комитетіне - Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы;
2. Автомобиль комитетіне - Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы;
3. Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне - Сәрсенов Сәкен Сейтжапарұлы;
4. Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне - Ержанов Аманияз Қасымұлы;
5. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне - Нұрабаев Базарбай Қанайұлы;
6. Техникалық реттеу және метрология комитетіне - Қанешев Біржан Бисекенұлы;
7. Көлік комитетіне - Асаубаев Әсет Асанұлы;
8. Азаматтық авиация комитетіне - Сейдахметов Бекен Қанелұлы;
9. Инвестиция комитетіне - Хаиров Ерлан Қартайұлы.
ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің құзыретіне еліміздің индустриялық-инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері кіреді. Соның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестицияларды тарту, қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу (ИЖТМ-нен); көлік және коммуникациялар (ККМ-нен); өнеркәсіп қауіпсіздік (ТЖМ-нен); байланыс, ақпарат және ақпараттандыру (БАА-нен); ғарыш саласын дамыту (Ұлттық ғарыш агенттігінен) функциялары қосылды.