ҚР Ішкі істер министрі Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжоу Лимен кездесті

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжоу Лимен кездесті. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Қуанышбек Жұманов бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

ҚР Ішкі істер министрі Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжоу Лимен кездесті

«Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов ҚХР-дың Төтенше және Өкілетті елшісі Чжоу Лимен оның Қазақстан Республикасына қызметке тағайындалуына орай кездесті», - деді ресми өкіл.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытайдың құқық қорғау саласындағы өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйін талқылап, трансұлттық қылмысқа қарсы күрес мүддесінде оны одан әрі кеңейтудің келешегі туралы пікір алмасқан.