ҚР Ішкі істер министрі Жеңіс күні мерекесіне орай «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтің қатысуымен Отан қорғаушылар алаңында «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті,

 
ҚР Ішкі істер министрі Жеңіс күні мерекесіне орай «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жеңіс күніне арналған салтанатты шарада жиналғандар Ұлы Отан соғысында мерт болған жауынгерлерді бір минөттік үнсіздікпен еске алды. «Бұл күні біз сүйікті Отанымыздың тәуелсіздігі мен болашағын қорғап қалған ержүрек батырларымызды еске алып, оларға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Бұл соғыс миллиондаған отандастарымыздың өмірін қиған, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ең сұрапыл соғыс болды. Бұл соғыста армия ғана емес, бүкіл халық Отан үшін отқа түсті. Майдандағы жауынгерлер қайтпас қайсарлық танытып, ерен ерлік көрсетті. Отанға деген махаббат қатігез соғыста жеңіске жеткізді. Тәуелсіздікті сақтап қалған жауынгерлердің ерліктері, табандылықтары ұрпақ жадында мәңгілік қалмақ», - деді министр құттықтау сөзінде. Салтанатты шара соңында ІІМ-нің қалалық гарнизонының полиция және ішкі әскер бөлімдерінің сарбаздары сап түзеп жүріп өтті.