ҚР Ішкі істер министрлігі насыбайға тыйым салуға мүдделі
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі насыбайға тыйым салуға мүдделі.
Бұл туралы сәрсенбі күні Астанада министрлік қабырғасында өткен апталық баспасөз брифингі барысында ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Құқық қорғау органының ресми өкілі хабарлағандай, «Ішкі істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және республиканың Бас санитарына насыбайдың адам ағзасына зияндылығын алға тарта отырып, ол затты тыйым салуға қатысты ұсыныспен шыққан. Алайда насыбайдың құрамындағы заттар мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сондықтан оны сатуға тыйым салынбаған».
«Соңғы зерттеулердің нәтижелері көрсетіп отырғандай, оны пайдалану денсаулыққа елеулі зардабын тигізеді, өйткені оның құрамына темекі, ақ балшық және тауық нәжісі, өзге жануарлар мен құстардың нәжістері кіреді»,-деп атап көрсетті Қ. Жұманов.
Ақ балшық пен темекі сілекейлі қабыршақты күйдіріп, бұл ақыр аяғында жазылмайтын жаралар мен құрт ауруына алып келеді. Ал жануарлар мен құстардың нәжістерінде түрлі микробтар, сонымен қатар паразиттердің жұмыртқалары болады. Ал олар адам ағзасына енгеннен кейін адамды улап, түрлі жұқпалы аурулар туғызады.