ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің төрағасы тағайындалды
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің төрағасы лауазымына Мұхаран Әміров тағайындалды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция подполковнигі Мұхаран Әміров бұның алдында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарып келген.
Мұхаран Серікұлы ішкі істер органдарында 1976 жылдан бері қызмет етеді. КСРО ІІМ-нің жоғары мектебін тәмамдаған. Атырау облысының тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. Атырау облысы Ішкі істер басқармасы, Ішкі істер департаментінің бастығы болды.