ҚР ИЖТМ ескертуі: Қазақстандық туристерге Бангкок қаласына бармаған жөн

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристерді Тайланд еліне бармауға үндеуде.

ҚР ИЖТМ ескертуі: Қазақстандық туристерге Бангкок қаласына бармаған жөн

Тайландта үкіметке қарсы жаппай акциялардың өршуіне байланысты 22 қаңтарда Бангкок қаласында және оған жапсарлас провинцияларда төтенше жағдай енгізілді.

Осы орайда ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті мен ҚР СІМ қазақстандық туристерге Бангкок қаласына жол жүрмеуге ерекше ескерту жолдап отыр. Сонымен қатар туроператорлар Бангкок қаласында экскурсияларды жағдай тұрақталғанға дейін тоқтатуға шешім қабылдады. «Бангкок әуежайынан түскен туристер ел астанасына соқпай, демалыс орындарына дейін тезірек жетіп алуларын сұраймыз. Аса үлкен сақтық танытуға, құқық қорғаушылардың талаптарын орындауға кеңес береміз. Тайландтан кетуді жоспарлап қойған туристер әуежайға барар жолын алдын ала қамдап қоюлары тиіс», - делінеді хабарламада.