ҚР ИЖТМ-нің Өнеркәсіп комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, оның ішінде лицензияларды электрондық форматта беру бекітілген.
Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің шағын және орта бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап лицензияның 7 түрі www.elicense.kz ақпараттық порталы арқылы берілуде.
Бұдан басқа, жақын арада www.elicense.kz порталы және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тағы екі рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олар:
- - импортшының кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушының сертификаты);
- - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытынды.
Электрондық форматта берілетін лицензиялардың түрлерімен www.comprom.kz сайтынан танысуға болады («Мемлекеттік қызметтер» бөлімі).