ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті «Гүлнәр тур» компаниясын тексеруін жалғастыруда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті ҚР Бас прокуратурасының келісімімен «Гүлнәр тур» ТК» ЖШС-ін жоспардан тыс тексеруін жалғастыруда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті «Гүлнәр тур» компаниясын тексеруін жалғастыруда

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша «Гүлнәр тур» туристік компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Аталған қылмысты тергеу барысын прокуратура органдары жіті қадағалауға алған.

Туризм индустриясы комитеті «Гүлнәр тур» ТК» ЖШС-нен зардап шеккендерге қатысты арыздарын ҚР Ішкі істер министрлігіне беру қажеттігін ескертеді. Арыз көшірмесін ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетіне де жолдау қажет.

Сонымен бірге ведомство «Гүлнәр тур» компаниясына қатысты арызды Қазақстанның өңірлерінен мына телефондар арқылы да беруге болады:

1. Астана әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7172) 556 753, 8701 553 62 08; 2. Алматы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (727) 390 87 39, 8 (727) 390 88 86 (әуежай); 3. Акмола облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 705 517 8275; 4. Ақтөбе облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7132) 55 26 36, 8 701 764 56 64, 8 701 222 18 11; 5. Алматы облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 702 343 88 14; 6. Атырау облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 701 459 44 60, 8 778 280 92 34; 7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7232) 70-27-47; 8 (7232) 24-38-93, 8 778 930 20 30, 8 776 135 55 57; 8. Семей қаласы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7232) 70 27 47, 8 (7232) 24 38 93; 9. Жамбыл облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 701 098 9 0 00, 8 (7262) 43 84 09; 10. Батыс Қазақстан облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 701 266 02 42; 11. Қарағанды облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7212) 42-06-89, 8775 329 45 55, 8 702 779 59 49; 12. Қостанай облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7142) 575 251, 8 705 171 10 12, 8 771 774 32 47; 13. Қызылорда облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8701 788 93 41; 14. Маңғыстау облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 701 683 35 15; 15. Павлодар облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8-777-777-20-22; 8-705-268-28-33; 16. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 775 144 9029 17. Оңтүстік Қазақстан әкімдігіндегі «жедел желі» телефондары - 8 (7252) 21 35 23, 8 702 509 62 88.