ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшылары тағайындалды

АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен: Әділбек Қалибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметіне; Әмір Қасымбекұлы Халықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды,

ҚР Қарулы күштері Аэроұтқыр әскерлері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жаңа қолбасшылары тағайындалды

деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Мұрат Жәлелұлы Майкеев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.