ҚР Қарулы Күштері түрлерінің өзара үйлесімді іс-қимылдары пысықталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Айша бибі» полигонында «Оңтүстік» өңірлік әскерлері взводтарының жауынгерлік жаттығулары басталды.
None
None

«Оның мақсаты - барынша шынайы ұрысқа жақын жағдайда әрекет етіп, жаттығу міндеттерін іс жүзінде пысықтау болып табылады. Бұл шаралар Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысының оқу процесін жаңа мазмұнмен толықтыру, жауынгерлік дайындықтың қарқынын күшейту туралы нұсқауымен үндесіп жатыр. Жақында Қорғаныс министрлігінде өткен жедел-стратегиялық жиында Елбасы жаттығулар қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге сай болу қажет деген еді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінде.

Қазір «Айша бибі» полигонында 5-ші таулы атқыштар бригадасының бөлімшелері өздерінің дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл төл қарулы күштеріміз сапындағы бірден бір ерекше құрама болып табылады. Биыл бұл бригадада алғаш рет жауынгерлік дайындықтың жаңа тәсілдері тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіліп жатыр.Сонымен қатар, таулы атқыштардың жеке дайындығына да айрықша мән беріледі. Олар қазір атыс қаруынан, танкіге қарсы гранатомет пен минометтерден, БМП-2 жауынгерлік машинасынан атып жаттығу үстінде. Жаттығу барысында Қарулы Күштер түрлерінің өзара үйлесімді іс-қимылдары да пысықталуда. Атап айтқанда, Құрлық әскерлеріне Әуе қорғанысы күштерінің майдандық авиациясы әуеден қолдау көрсетуде. Авиацияның іс-әрекеті мен нысаналарын Құрлық әскерлерінің өкілдері қазіргі заманғы байланыс құралдары арқылы жерден бағыттайды.

Дәл осы уақытта «Теріс Ащыбұлақ» полигонында таулы-егерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері де өздерінің арнайы дайындықтарына кірісті. Олардың басты ерекшелігі - таулы аймақтарда және тікелей ұрыс қимылдары кезінде жылқыларды тиімді қолданып, әрекет етуі.

Соңғы жаңалықтар