ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметші әйелдер арасында конкурс өтеді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл ҚР Қарулы Күштерінде тұңғыш рет «Батыр арулар» атты ҚР ҚК әскери қызметші қыз-келіншектер арасында республикалық конкурс өтеді.

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметші әйелдер арасында конкурс өтеді (ФОТО)

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Погон таққан әйелдер - қазіргі заманда сондай сирек кездесетін жайт емес. Алайда, олардың арасында әскери қызметті адал абыроймен атқарып, бойында сұлулықты, әсемдікті, нәзіктікті батылдық пен төзімділік сынды қасиеттермен үйлестіріп жүргендері санаулы десек болады. Конкурсқа ҚР Қарулы Күштері саласында қызмет атқарып жүрген және де отставкадағы әскери қызметшілер - Қазақстанның барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушының жасы мен еңбек өтілі маңызды емес. Сауалнама толтыру барысында қойылатын басты талап - дұрыс жазылған аты-жөні, тегі, жұмыс орны, сапалы суреті, мамандығы мен әскери қызметте болған бір қызықты оқиға болуы керек. Конкурс жеңімпазы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталатын болады. Конкурс қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ететін 12 қыз-келіншек анықталып, «Батыр арулар» атты арнайы күнтізбеге суреттері шығарылатын болады.