ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша сабақтар басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу жылының басталысымен ҚР Қарулы Күштерінде ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша оқу-жаттықтыру, әдістемелік-нұсқаулық және көрсетілімді сабақтар басталды.

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер арасында дене даярлығы бағдарламасы бойынша сабақтар басталды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомство ақпаратына сәйкес, сабақтар әскери-қолданбалы жүзу, шапшаң қозғалу, шаңғы дайындығы, гимнастика, спорттық және ширақтылықты қажет ететін ойындар мен қоян-қолтық ұрыс бойынша «Астана арена», «Қазақстан» және «Алатау» спорттық кешендерінің спорттық базасында ұйымдастырылуда. Одан басқа, әскери қызметшілердің дене даярлығына қойылатын талаптар күшейтілді. Өткен жылдан бастап жаңа жас ерекшелік топтары қосылды. Егер бұрын әскери қызметшілердің дене даярлығы бойынша сабақтар мен нормативтерді тапсыру 45 жасты құраса, қазір барлық жеке құрам тартылған. Бір сөзбен айтқанда, әскери қызметші «сап түзеп» тұрғанша, ол өзінің жас ерекшелігі тобы аясында міндетті түрде спортпен шұғылданып, өзінің дене пішінін бір қалыпта ұстап тұруы тиіс.

null null