ҚР Қарулы Күштерінде XIII Спартакиада басталды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша XIII Спартакиада басталды.

ҚР Қарулы Күштерінде XIII Спартакиада  басталды (ФОТО)

Сайыс қысқы кезеңнің бағдарламасы бойынша өткізіледі. Оған гір екісайысы, армспорт, қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы спорты (патрульдердің жарысы) және шахмат сияқты спорттың түрлері кіреді.

Алғашқы болып Аэроұтқыр әскерлерінің чемпионаты басталды. 12740 әскери бөлімінің базасында 200-ден аса армиялық спортшы Қарулы Күштердің чемпионатында өнер көрсету үшін құрама командаға кіруге бақ сынасты.

Барлығы Спартакиаданың алдын ала кезеңдерінде 2 300-ден аса әскери қызметші қатысады. ҚР ҚК XIII Спартакиада қысқы кезеңінің шешуші сәті Ақмола облысының Щучье қаласында өтеді. Шешуші кезеңге 500-ден аса әскери қызметші қатысады деп көзделіп отыр.

Ал біліктілік талаптардың нормативтерін орындаған үздік спортшыларға ҚР спорт шебері спорттық атағы беріледі.

Шешуші сайыстың нәтижелері бойынша үздік армия спортшылары ТМД достастық армиясының чемпионаттары мен өзге де халықаралық әскери-спорттық жарыстарда Қарулы Күштердің намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
спартакиада спартакиада