ҚР Қарулы күштерінде жазғы оқыту кезеңіне көшті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде жауынгерлік оқудың ең қарқынды әрі жауапты кезеңі - жазғы оқыту кезеңі басталады.

ҚР Қарулы күштерінде жазғы оқыту кезеңіне көшті (ФОТО)

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы бойынша сабақтар өтеді. Бүгіннен бастап Қарулы күштер бойынша әскери қызметшілердің қауіпсіздік шараларын зерделеуі басталды.  Ол сабақтар түрінде өтеді, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары бойынша олардың теориялық және практикалық білімдері тексеріледі. 

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді қауіпсіздік талаптары бойынша оқытып-үйрету атқарып отырған әскери лауазымдары, біліктілік талаптары, атқарылатын міндеттердің, жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, құрылады.

Бұл ретте оқыту бағдарламалары, оқу жоспарлары мен жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне назар аударылады. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда әрбір пәнді зерделеу кезінде әскери қызметшілерге қауіпсіздік талаптары жеткізіліп, сабақ барысында олардың меңгеруі мен орындауы қамтамасыз етіледі.

null null null null null null null