ҚР Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері және артиллерия күні атап өтілуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Қарулы Күштерінде көне әскер тектерінің бірі Зымыран әскерлері мен артиллерия күні атап өтілуде. 1940 жылы «соғыс құдайы» ретінде бейнеленген бұл әскер түрі Ұлы Отан соғысының шайқас алаңында өзінің мақсатын орындап шықты. Барлық операцияларда дерлік артиллерия ең басты тапсырмаларды орындап, қарсыласты қырып-жоюдың негізгі атыс құралы болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштерінде Зымыран әскерлері және артиллерия күні атап өтілуде (ФОТО)

«Зымыран әскерлері мен артиллерия ҚР ҚК-нің жекелеген әскер тегі ретінде 2003 жылғы 7 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Құрлық әскерлерінің негізгі атыс күші болып табылады, қарсыласты атыспен қырып-жоюда тапсырмалардың негізгі көлемін орындайды», - дейді ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерияның қолбасшысы полковник Лұт Әлшекенов.

Бұл әскер түрінің ерекшелігі олардың бірқатар айқын артықшылықтары, яғни, орағытушылық, соққылардың жоғары дәлдігі, оларды жасау жеделдігі, жылдың уақытынан, тәулігінен, ауа райынан және өзге де жағдайлардан атыс тиімділігінің елеулі емес тәуелділігі. «Біз кез келген ауа райына төтеп береміз, жаңбырға, жауын-шашынға қарамаймыз, бізге тойтарыс беру қиын. Біз дамимыз деп үміттенемін. Біздің қазіргі уақыттағы басты міндетіміз - ол артиллерияның атысын басқарудың автоматты жүйесі, яғни, пәрмендерді беру дәлдігі, оның шапшаңдылығы адамға емес, техникаға тәуелді болуы қажет. Нысананы көріп, 10-15 секундтан кейін атысты бастайсың. Бұған біз тырысатын боламыз. Артиллериялық зеңбіректеріміз бен зымырандарымыз қазіргі уақытта кез келген тапсырманы орындауға қабілетті», - деді полковник Лұт Әлшекенов.

Артиллерияға жас офицерлері Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында даярланатынын атап өткен жөн. Ал техниканы жаңарту біртіндеп жүргізіледі. «Артиллериялық бөлімдер мен бөлімшелердің жарақтандыруда әртүрлі типтегі және калибрлі артиллериялық зеңбірек бар. Атап айтсақ, реактивті артиллерия, сондай-ақ әрекет етуі бойынша снарядтар мен миналар. Артиллерияның алыс қашықтыққа әрекет ететін зеңбіректері, гаубицалары, реактивті қондырғылары, танкіге қарсы зеңбіректері, минаатқыштары бар. Бұл құралдардың барлығы қысқа мерзімде атысты бастауға қабілетті, мотоатқыш бөлімшелерімізді үздіксіз алып жүреді. Жаңарту бірте-бірте жүріп келеді. Осы жылы біз барлық ескірген 82 мм минаатқыштарды толық ауыстырдық, артиллерияның атысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі аясында жаңарту жүргізілуде. Биылғы жылы біз сүйретілетін артиллерияға арналған атысты басқарудың автоматтандырылған жаңартылған кешенін алдық», - деді ҚР ҚК Зымыран әскерлері мен артиллерияның қолбасшысы полковник Лұт Әлшекенов.

Соынмен бірге, Зымыран әскерлері мен артиллерияның әскери қызметшілері ҚР Қарулы Күштерінде өткізілетін барлық оқу-жаттығуларға қатысады.