ҚР Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел өңірлерінде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүргізілуде. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелеріне қатардағы жауынгер және сержанттар құрамында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 600-ге жуық адам жолданып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүруде

«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңына сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарда ҚР азаматтығы болуы, курсанттар мен өзге де санаттағы әскери қызметшілерді есептемегенде, 19 жастан кіші болмауы, әскери-есепке алу мамандығының болуы, әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруі не ЖОО-ның әскери кафедрасында оқудан өтуі немесе әскери-оқытылған резервті даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс.

Жергілікті әскери басқару органдары жанындағы әскери қызметке қабылдау пункттеріне қазақстандық армияның қатарын толықтыруға ниет білдіргендердің саны толастар емес. Олардың дені ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерінде қызмет етуге ниет білдіреді.

Келісімшарт негізінде қызмет ету - әскери қызметшілердің тұрақты лайықты жалақы алуы, сондай-ақ бірқатар артықшылықтарға ие болуы.