ҚР Қарулы Күштерінің «Әскери барлау үздіктері» Новосібірге келді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы Күштерінің әскери барлау үздік өкілдері "АрХО-2018" Армия халықаралық ойындарына қатысу үшін Новосібір қаласына келді, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.
ҚР Қарулы Күштері командасының негізгі құрамын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері құрады.
"Байқау бес кезеңнен тұрады - ол десанттау мен марш жүгіру, механик-жүргізушілердің байқауы, "Барлаушының соқпақ жолы" кедергілер кешені, тапсырманы орындағаннан кейін жиналу ауданына барлау тобының шығуы және оқ ату. Біздің команда бұл жарыстарға аянбай және мұқият дайындалды, біз жүлделі орынмен өзіміздің табандылығымызды паш етуге сақадай саймыз", - деп хабарлады команда жетекшісі полковник Арыстан Мұқатаев.
Әскери барлау үздіктері байқауы ағымдағы жылғы шілденің 29-ы мен тамыздың 11-і аралығында өтетін болады.