ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері Астана күніне ерекше сый әзірледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері барша қазақстандықтарға Астана күніне орай тосын сый әзірледі. Атап айтқанда, олар ерекше флешмоб ұйымдастырды.
Команда бойынша 550 әскери қызметкер «1998» санымен сапқа тұрып, Астана күнінің «тірі» логотипі көшірмесін жасады. Бұл ерекше көрініс 1998 жылы Қазақстанның жаңа елордасы - Астана атанғандығын бейнелейді.