ҚР Қарулы Күштерінің аты аңызға айналған әскери бөліміне 85 жыл толды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің көне 44859 әскери бөлімі құрылуының 85 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

ҚР Қарулы Күштерінің аты аңызға айналған әскери бөліміне 85 жыл толды (ФОТО)

№ 4 әскери қоймасының базасында 1930 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары Ауғанстанға интернационалдық көмек көрсету үшін құрылған бұл бөлім өндіруші зауыттардан дайын әскери өнімді сақтауға қабылдады және үздіксіз оқ-дәрілер бар эшелондарды майданға жөнелтіп отырды. «Біздің бөліміміз расында да аңызға айналған. Соғыс жылдары майданды қажетті оқ-дәрілермен қамсыздандыра отырып, армияны қамтамасыз ету көзінің бірі болды», - дейді бөлім командирі полковник Көпжан Нұрмаханбетов. 85 жыл ішінде әскери бөлім көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Бүгін еліміздегі бірден-бір оқ-дәрілер мен бытыраларды сынамалау бойынша зертхана құрылды, зениттік басқарылатын зымырандарды сынақтан өткізу жөніндегі цех іске қосылды. Өткен жылдан бері инженерлік оқ-дәрілер мен атыс қаруына аранлған оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша жабдықты пайдалану басталды. Бүгінгі күні мұнда Қарулы Күштерде ең үлгілі болып саналатын жаңа абаттандырылған үйлері бар тұтастай әскери қалашық орын тепкен. Бөлімдегі жеке құрамды жан-жақты дамыту мақсатында 500 орындық мәдени-тынығу орталығы, ашық спорт кешені және балалар спорттық-ойын алаңдары құрылған, ал әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін жетілдіру және біліктіліктерін арттыру үшін 2005 жылдан бастап жыл сайын тактикалық-арнайы, техникалық, атыс, инженерлік, өртке қарсы, саптық, мемлекеттік-құқықтық және әскери-медициналық дайындық бойынша курстар өткізіліп тұрады.