ҚР Қарулы Күштерінің делегациясы Әзербайжан қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралап көрді

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әзербайжан Республикасына ресми сапармен келді,

ҚР Қарулы Күштерінің делегациясы Әзербайжан қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарын аралап көрді

деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Әділбек Жақсыбеков әріптесі - Әзербайжан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Сафар Әбиевпен кездесті.

Қазақстан Қорғаныс министрі келесі аптада - 18 қазанда тойланатын Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, экономиканың дамуында және алдағы уақытта халықаралық аренада саяси позициясын нығайтуда жетістіктер тіледі.

Осы күні Қорғаныс министрінің басшылығымен қазақстандық әскери делегация Әзербайжан Республикасының Өнеркәсiптер қорғанысы министрi Явер Жамаловпен кездесті.

Ресми сапар қорытындысы бойынша Қазақстанның қорғаныс ведомствосының басшысы Әзербайжан Республикасының Сыйлы қонақтар кітабына игі тілектерін қалдырды.