ҚР Қарулы Күштерінің командирлері біліктіліктерін арттырып жатыр
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің бірінде батальон, дивизион командирлері мен орынбасарларының оқу жиыны басталды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, он күн бойы шығыс әскери бөлімдерінің комбаттары техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелерін оқып, тактикалық, арнайы және барлаулық даярлықтан өтеді. Жиында басты орынды тактикалық оқу-жаттығулар, жауынгерлік атыс, жорыққа шығу кезінде тәртіпті ұйымдастыру және сақтау бойынша жаттығулар алады.
Биыл осындай жиындар шығыста алғаш рет өткізілмек және оның ерекшелігі тек осымен бітпейді. Бұрын командирлердің даярлығы қызмет орындарында өткізілетін: әр апта сайын офицерлер командирлерді даярлау сабақтарын өз әскери бөлімдерінің негізінде өткізетін. Биыл Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы жауынгерлік даярлық жоспарын өзгерту туралы шешім қабылдады. Тұңғыш рет командирлік даярлық шеңберінде осындай жиындар он күн ішінде өтеді.
Қазір батальон командирлері қолбасшылық есебінен тәжірибелі офицерлер жетекшілігімен өз кәсіби және командирлік даярлық деңгейін көтереді. Жиынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлығы бойынша орынбасары полковник Юрий Асқаров басқарды. Комбаттар мен олардың орынбасарлары он күндік жиынының аяқталысымен барлық өткен сабақтардан сынақ тапсырады. Қолбасшылық ұрысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша олардың білім деңгейіне баға береді. Іс-шараның бірінші күні Құрлық әскерлері бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев және «Шығыс» өңірлік басшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Василий Рысбаев жиынға қатысушылармен кездесті. Әскери қолбасшылар офицерлерді сапалы және тиімді оқуға бағыттады.
Батальон командирлері мен олардың жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарлары осы пәндерді әскери оқу орындарында оқып, іс-тәжірибеде де бірнеше рет қолданғанымен, әскери іс үздіксіз даярлықты қажет етеді. Биыл жауынгерлік даярлық «Қарулы Күштердің құрылғанына 20-жыл толуына - Қазақстанның Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы біздің ерен еңбегіміз!» атты ұранмен өтуде. Биылғы батальон командирлерінің жиыны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында осы ұранмен және Қазақстан армиясының құрылғанына 20 жыл толу құрметіне өтуде.