ҚР Қарулы Күштерінің қоймалары жанынан тыйым салынатын аймақтар мен аудандар белгіленеді - Мәжіліс

АНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің,

ҚР Қарулы Күштерінің қоймалары жанынан тыйым салынатын аймақтар мен аудандар белгіленеді - Мәжіліс

басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселесі бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Аталған заң жобасының мақсаты Қарулы Күштердің әскери құрылымдарының арсеналдарында, қоймаларында сақталатын оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады. Осыған орай заң жобасы мен қолданыстағы заңнамаларға бірқатар нормалар енгізіледі.

«Біріншіден, арсеналдарды қоймаларда тұрған оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар қару-жарақ сақтау нысандарында және олар жанасатын аумақтарда тұратын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қарастырылады. Сондай-ақ қару-жарақ сақтау нысандарының аумақтарына диверсияға қарсы және өртке қарсы іс-шараларды өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау көзделеді»,-деді заң жобасы бойынша баяндаған Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов.

Бұдан бөлек Үкіметке Қарулы Күштердің қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу өкілеттігі беріледі. Ал, тыйым салынған аумақтардағы белгілі шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылып, айыппұлдар салу да көзделіп отыр.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеу үшін бас комитетке тапсырылады.