ҚР Қаржы министрі Азия даму банкінің өкілімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтановтың Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жанг мырзамен кездесуі өтті.

ҚР Қаржы министрі Азия даму банкінің өкілімен кездесті

Кездесу VIII Астаналық экономикалық форумына қатысу үшін АДБ вице-президентінің сапары шеңберінде өтті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тараптар Қазақстанның Азия даму банкімен ынтамақтастығын талқылады. АДБ жобаларды іске асыруға белсенді түрде қаржылық сектордың оның ішінде; шағын және орташа бизнесті; инфрақұрылымды; көлікті қоса алғанда; энергетика және қалаларды дамытуға ықпалын тигізіп отыр. АДБ басым бағыты жеке секторды дамыту, сол сияқты мемлекеттік-жекеше әріптестікті қоса алғанда өңірлік ынтымақтастықты және ықпалдастықты болып табылады.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2014 жылғы 4 мамырда АДБ басқарушы кеңесінің жыл сайынғы 47-отырысында Астана қаласында қол қойылған әріптестік туралы негіздемелік келісімнің шеңберінде АДБ-мен жаңа ынтымақтастық аса маңыздылығын атап көрсетті.

Өз кезегінде, Азиялық даму банкінің вице-президенті Венчай Жанг энергетика, көлік инфрақұрылымы, экономиканы әртараптандыру және білімге қолдау көрсету сияқты салаларда АДБ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылығын білдірді.

Сондай-ақ Б. Сұлтановтың Астаналық экономикалық форум шеңберінде Нью-Йорк университеті бизнес мектебінің профессоры, «Roubini Global Economics» төрағасы Нуриэлем Рубинимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында әлемдегі және Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің экономикалық жағдайы екі жақты талқыланды.

ҚР Қаржы министрі Қазақстан Үкіметінің елдегі экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында шаралар туралы, «Нұрлы жол» бағдарламасы қазіргі кезде Қазақстанда дамуын ынталандыру мақсатында, инфрақұрылымдық жобалар арқылы іске асыруын болжап отырғандығын айтып кетті.

Рубини өз кезегінде стратегияның қазіргі кездегі дағдарысқа байланысты ең ұтымды екенін атап өтті.

Сондай-ақ тараптар кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мәселесін талқылады. Соның ішінде Қазақстандағы жекешелендіру толқыны.

«Сіздердің мемлекетіңіз алға қойған мақсатына байсалдылықпен және дәйектілікпен келе жатыр», - деп Нуриэль Рубини айтып өтті.

Кездесудің қорытындысында Нуриэль Рубини форумның қатысушылары жоғары деңгейде екенін атап өтті.