ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Дина Мамашева тағайындалды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев өзінің жаңа орынбасары Дина Мамашеваны таныстырды.

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Дина Мамашева тағайындалды

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ол Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметінен ауыстырылды.

Бұған дейін КБК төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Сейітқали Мүлкин астаналық департаменттің төрағасы болып тағайындалды.

«Кадрлық тағайындаулар жұмыстық сипатта және кедендік органдардың алдына қойылған міндеттердің тиімді шешілуіне бағытталған», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.