ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бірқатар аймақтағы департаменттерінің басшылары ауысты

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Кедендік бақылау комитетінің Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Ақмола облыстары бойынша департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды,

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бірқатар аймақтағы департаменттерінің басшылары ауысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы қаңтардың 20-сындағы бұйрығымен аталмыш Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы қызметіне - Александр Кочубей; Маңғыстау облысы бойынша - Әнуар Шөжеғұлов; Қызылорда облысы бойынша - Александр Сәрсембеков; Атырау облысы бойынша - Құрманғали Тасмағанбетов және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментіне Әбдікерім Уәлиев тағайындалды.