ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің табыс салығы және мүлік декларациясын толтыруы нұсқаулығын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің сайтында Мемлекеттік қызметкерлердің жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны толтыруы жөнінде нұсқаулық жарияланды.
Мемлекеттік қызметкерлер электрондық түрде декларация тапсыруы үшін мемлекеттік кірістер органдарынан жеке криптографиялық кілт алуы қажет, делінген ведомствоның хабарламасында. Нұсқаулықпен мына жерде танысуға болады. Естеріңізге сала кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес декларация тапсыру бойынша міндеттілік жүктелген адамдар Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны жылсайын 31 наурызға дейін тұрғылықты жерi бойынша тапсыруға міндетті.