ҚР Қаржы министрлігі сол жағалауға көшеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Астана қаласының сол жағалауына көшеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігі сол жағалауға көшеді

Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңғырту басқармасының басшысы Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, бұдан былай Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық азаматтық қызметкерлері оң жағалаудағы Қаржы министрлігінің бұрынғы ғимаратына көшпек.

«Біз бұрын әр түрлі ғимараттарда жүретінбіз. Хаттама бойынша экономикалық тергеу қызметі құқық қорғау блогы болғандықтан жеке отыруы керек. Қаржы министрлігі Министрліктер үйіндегі ғимаратқа көшетіндіктен, қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық азаматтық қызметкерлері босаған ғимаратқа көшеді», - деп айтты Жамбыл Сұрағанов.