ҚР Қаржы министрлігі жұмыс берушілерді өз жұмысшыларының нақты жалақысын көрсетуге ынталандыратын заң жобасын әзірлеуде
Бұл туралы КТК арнасындағы «Халық қызметшісі» бағдарламасында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Бүгінде бізде «ақ» жалақыны көрсетуге ынталандырмайтын салықтық ережелер бар. Арнайы салықтық тәртіппен жұмыс істейтін шаруа қожалықтарында немесе заңды тұлғаларда өз жұмысшыларының нақты жалақысын көрсетуге қызығушылық жоқ. Саудадағы адамдардың дені патент арқылы жұмыс істеп, олар орташа алғанда 800 теңге көлемінде зейнетақы жарнасын төлейді», - деп атап өтті Б. Жәмішев.
Министрдің сөзіне қарағанда, әзірленіп жатқан түзетулер жұмыс берушілер төлейтін салықтың көлемін бірнеше жалақы төлеу қорларынан кірісті шегеру есебінен азайтуға жол ашады.
Заңнамаға енгізілетін жоспарлы өзгерістердің мақсаты азаматтардың зейнетақы жинағын еселеу болып табылады.