ҚР Кәсіподақтар федерациясы Мəжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдайды - П.Казанцев
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтар федерациясы республикадағы ең ірі қоғамдық ұйым ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдайды, деді өз пікірін білдірген ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Павел Казанцев.
«ҚР Кәсіподақтар федерациясы республикадағы ең ірі қоғамдық ұйым ретінде Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы үндеуді қолдайды. Біріншіден, әлемдік геосаясат болжалды ағысынан аутқыған кезеңге өтті. Бұл дегеніміз, гротеск үдерісі, яғни жағымсыз үрдіс болғанда орын алады. Сәйкесінше, Қазақстан әлемдік саяси, экономикалық және басқа үрдістермен терең ықпалдасқан ел ретінде осы ғаламдық үдерістерден зардап шегетін болады. Екіншіден, Президент айтқан реформаларды жүзеге асыру үшін халықты біріктіру қажет. Бұл біз сезініп отырған және бізге келуі мүмкін сын-қатерлерге қарсы күрес пен экономикалық реформаларға қатысу үшін қажет»,-дейді П.Казанцев.
Оның айтуынша, Мəжілістің бұл үндеуін қолдаудағы үшінші себеп - Президент тапсырмаларын орындауда сын-қатерлердің алдын алу әрекеттері жедел түрде ұйымдастырылуы тиіс екен.