ҚР Қауіпсіздік Кеңесі ҰҚКҰ Хатшылығымен бірлесе отырып, «дөңгелек үстел» отырысын өткізді
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі ҰҚКҰ Хатшылығымен бірлесе отырып, 2011 жылдың 4 қарашасында «Орта Азия аймағында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы іс-әрекеттерінің маңызды мәселелері тұрғысынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің даму бағыттары» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын өткізді,
деп хабарлайды ҚР Қауіпсіздік Кеңесі баспасөз қызметі.
Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы М. Тәжин өзінің сөзінде қазіргі таңдағы Орталық Азияның ішкі және сыртқы қатерлердің өзгерістерін есепке ала отырып, ҰҚКҰ қызметінің концептуалды жолдарын және басым бағыттарын атап өтті.
ҰҚКҰ Бас хатшысы Н. Бордюжа аймақтық қауіпсіздік және жаңа қауіп-қатерлерге қажетті қарсы әрекет ету шараларының өзекті мәселелеріне тоқталды.
«Дөңгелек үстел» отырысы жұмысына Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен мамандар, ғылыми мемлекеттік, қоғамдық институттар және Қазақстанның тәуелсіз сараптама ортылықтарының өкілдері қатысты.
Өткен пікірталас барысында Орта Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің әсерлі жүйесінің қалыптасуына ҰҚКҰ мүше елдердің ыңғайы мен аймақтағы ахуалдың дамуына сараптық бағалар берілді.
Дәл осы күнде Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы Тәжин Марат Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім ұйымының Бас хатшысы Н.Н.Бордюжамен кездесу өткізді.
Пікір алмасушылар Қазақстанның ҰҚКҰ мен стратегиялық әрекеттестігінің алға бағытталған сипатын, әлемнің жалпы қауіп-қатерге қарсы әрекет ету саласындағы халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастырдың дамуын атап өтті.
Аталған кездесу осы жылда жоспарланған ҰҚКҰ Саммитіне дайындық аясында өтті.