ҚР Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында еліміздің ішкі қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың төрағалық етуімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда еліміздің ішкі қауіпсіздігі мәселелері талқыланды,

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында еліміздің ішкі қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында мемлекеттік ведомстволардың, оның ішінде ҚР оңтүстік шекарасын нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру ауқымында жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды. Комиссия төрағасы қазіргі жағдайда мемлекеттік шекараның сенімді күзетілуін, шекаралық инфрақұрылымның құрылысы мен орналасуын қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтті.«Тек өткен жылы ғана оңтүстік шекараның 107 шақырымына инженерлік қоршаулар мен қондырғылар орнатылды. Жақын арада 209 шақырымын қосымша жайластыру жоспарлануда. Көрсетілген шара шекара режімін сақтауға жағдай туғызады, контрабандалық әрекеттердің алдын алуға, заңсыз көші-қон мен есірткі арнасына тосқауыл қоюға оң ықпал етеді, сондай-ақ, мемлекеттік шекарадан өту бекетіндегі қарбаластықты жеңілдетеді», - деп атап өтті А.Шабдарбаев. Сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары Марат Мәжитов пен Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Абылай Сабдалин республиканың шекаралас аймақтарындағы ахуал туралы баяндама жасады.