ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы сараптамалық кеіңестің отырысында Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы сараптамалық кеңестің отырысы болып өтті.
None
None

Күн тәртібінде Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚК хатшылығының баспасөз қызметі.

Президент Көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин аймақтық қауіпсіздікке кері әсер ететін трансшекаралық сипаттағы лаңкестік, діни экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткі айналымы сияқты қауіптер мен қатерлерді атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азияда Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін жүзеге асырудың маңызды аспектілері аймақ қауіпсіздігінің қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет ету бойынша тиімді шараларды құру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және аймақтағы су мәселесін шешуге назарды күшейту болып отыр.

Талқылау барысында қарастырылып жатқан сұрақтар бойынша Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және ҚР ҚК Мекемеаралық комиссиясының жұмыстарында пайдалануға болатын нақты ұсыныстар берді.

Соңғы жаңалықтар